Қазақстандық ипотекалық компания «Нұрлы жер» бағдарламасын аяқтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстан ипотекалық компаниясының» басшылығы 2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй» бағытының аяқталғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Ақчуриннің айтуынша, бағдарлама аясында 2018 жылдың соңына дейін 972 мың шаршы метрді пайдалануға беру көзделген. Алайда елдің 20 қаласында кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көрсеткіш жоспарлағаннан да асып түскен.

«Құрылыстың жалпы бюджеті 163,3 миллиард теңгені құрады. Қаржының басым көпшілігі ҚР Ұлттық қорынан қайтарылмалы негізде алынды. 19,1 миллиард теңгені республикалық бюджеттен және 29,2 миллиардты жарғылық капиталды толтыру түрінде алдық. Аталмыш қаражаттардың барлығы Қазақстан экономикасына жұмсалады», - деді ҚИК басқарма төрағасының орынбасары.

Бағдарлама елдің құрылыс саласын одан әрі дамытуға зор мүмкіндік тудырды. Ол мәресіне жетуге таяп қалды, сондықтан жыл соңына дейін Қостанай, Қарағанды, Өскемен және Орал қалаларынан 40 мың шаршы метр тұрғын үйді жалға беру беру жоспарланған. Қазіргі таңда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ «7-20-25» президенттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырумен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар