Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.78 EUR 430.71
RUB 5.71 CNY 55.74
Jańalyqtar

Қазақстандық хоккейшілер ел тарихында тұңғыш рет Құрлықтық кубокты иеленді

2019 жылғы 14 қаңтар 02:16 626
Бөлісіңіз:
Қазақстандық хоккейшілер ел тарихында тұңғыш рет Құрлықтық кубокты иеленді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубоктің иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арлан» соңғы шешуші матчта алаң иелері - жергілікті «Белфаст Джайантс» командасын 3:2 Б (2:0, 0:0, 0:2, 0:0, 1:0) есебімен ұтты. Кездесудің негізгі кезеңі 2:2 болып тең аяқталды. Арландықтар тарапынан Сергей Егоров пен Вадим Ермолаев алғашқы 20 минутта бір-бір шайбадан салса, үшінші таймда Кристофер Хиггинс пен Дастин Джанер есепті теңестіріп кетті. Осылайша, негізгі уақытта ойын тең аяқталды. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Ал буллитте арландықтар мергендік танытып, Құрлықтық кубоктың иегері атанды.

Айта кетейік, «Арлан» қазақстандық клубтар тарихында Құрлықтық кубокқа қол жеткізген алғашқы команда. 

Ойын shaiba.kz сайтында тікелей көрсетілді.

Көкшетаулық команда аталмыш жарыстың финалында Польшаның «Катовице» командасын 4:2, Беларусьтің «Гомель» командасын 8:2 есебімен жеңді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Аймақ, Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT