Қазақстандық хоккейшілер ӘЧ қарсаңында тікелей қарсыластарымен ойнайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның хоккей құрамасы өз айдынында өтетін Әлем чемпионаты қарсаңында турнирдегі тікелей қарсыластарымен күш сынасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстанның Хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Кеше Дания астанасы Копенгагенде өтіп жатқан Халықаралық хоккей федерациясының конгресінде келесі Әлем чемпионатының бірінші дивизион кездесулерін Астанада өткізу туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатынбыз.

Конгресте, сондай-ақ Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасының халықаралық турнирлерге және көрнекі матчтарға қатысатыны туралы да келісімге қол жеткізілді.

2018 жылғы 5-11 қараша күндері Будапештте Еуропа Шақыру кубогы өтеді. Оған Италия, Қазақстан, Оңтүстік Корея және Венгрия құрамалары қатысады.

2019 жылғы 4-10 ақпан аралығында Қазақстанның ұлттық құрамасы Пхенчханда өтетін Еурошақыру кубогына қатысады. Онда Қазақстанға Оңтүстік Корея, Жапония және Ресей (олимпиадалық құрам) құрамалары қарсылас болады.

Әлем чемпионатына дайындық аясында еліміздің ұлттық құрамасы Австрия және Италиямен сырт алаңда бірнеше көрнекі матчтар өткізеді.
Тікелей Әлем біріншілігінің қарсаңында Қазақстан Беларусь және Оңтүстік Кореямен ойнайды.

2019 жылғы 23 сәуір. Қазахстан - Беларусь

2019 жылғы 24 сәуір. Беларусь - Оңтүстік Корея

2019 жылғы 26 сәуір. Қазақстан - Оңтүстік Корея

Соңғы жаңалықтар