Қазақстандық хоккейші қыздар Қытай Тайбэйі құрамасын жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасөспірім қыздар арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионатында «В» тобына іріктеу турнирінің І дивизионында Қазақстан құрамасы Қытай Тайбэйін жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«В» тобына жолдама беретін соңғы матчта қазақстандық қыздар Оңтүстік Корея өкілдерімен бақ сынайды. Кездесу 19 қаңтар күні Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Қазақстан - Қытай Тайбэйі 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

Шайбалар:

1:0 - 18:15 Оспанова.

2:0 - 45:59 Голотвина.

2:1 - 52:18 Хуан Юн Чу (Ван Хсан, Лин Ян Чи).

3:1 - 53:26 Кеңесова (Устименко, Кузьмина).

Қақпашылар: Кононова - Хсиян Юн.

Соңғы жаңалықтар