Қазақстандық гимнаст Ислам ынтымақтастығы ойындарында «алтын» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық гимнаст Эльжана Тәниева Түркия елінде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы доп жаттығуларында жеңіске жеткен. Сонымен бірге Тәниева құрсау және лентамен жаттығуларда үшінші орын алды.

Командалық көпсайыста Эльжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста қола жүлде иеленді.






Фото: olympic.kz


Соңғы жаңалықтар