Қазақстандық гимнаст әлем кубогының іріктеу сынында көш бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталып, қазақстандық Милад Карими финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Еркін жаттығуда Милад мүлтіксіз өнер көрсетіп, іріктеу сынын бірінші орынмен аяқтады.

Шығыршықпен жаттығуда Дмитрий Патанин 16-шы нәтижені көрсетті. Сондай-ақ, қоссырықтағы жаттығуда Патанин 25-ші орында. Ербол Жантықов қоссырықтан 28-ші, Аким Мусаев 34-ші орын алды.

Соңғы жаңалықтар