Қазақстандық Геннадий Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды. ВИДЕО

None
None
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон сквер гарден» кешенінде WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Кертис Стивенсті жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды.

Геннадий Головкин сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл қазақстандық боксшының чемпиондық атағын қорғап қалу жолындағы тоғызыншы жеңісі екенін атап өту қажет, деп хабарлайды sports.kz .

Кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Kazsport" арналары көрсетті.

Соңғы жаңалықтар