Қазақстандық гандболшылар Әлем чемпионатының негізгі айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гандболдан Қазақстан командасы Испанияда өтіп жатқан Әлем чемпионатының негізгі айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, енді қазақстандық спортшылар тағы үш матч өткізеді.

Атап айтсақ, қазақстандық команда Швеция, Пуэрто-Рико және Нидерланд құрамаларына қарсы ойнайды.

Кездесулер 9, 11 және 13 желтоқсанға жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар