Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Қазақстандық ғалымның ғылыми еңбегіне сұраныс артуда

2019 жылғы 14 ақпан 10:58 842
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ғалымның ғылыми еңбегіне сұраныс артуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалымның ғылыми еңбегіне сұраныс артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да кәсіпкерлер 200-дей балаға демалыс лагерьлеріне жолдама алып берді Ақмола облысында ағылшын тілінің мұғалімі үздік педагог атанды

Әлемдегі ең ірі «Springer Nature» баспа үйінің мәліметі бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» («Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер мен үлгілер») монографиясы ең көп сұранысқа ие болып, танымалдығы артып келеді.

Ғ.Мұтановтың ғылыми жұмысы 2017 жылы баспа үйінің ең әйгілі кітаптар қатарына енген, ал оның электрондық нұсқасын 13 мыңға жуық қолданушы көшіріп алған. Бұл баспа үйінің ең үздік көрсеткіштерінің бірі. Мұндай жоғары рейтинг аталмыш зерттеудің өзектілігін және қазақстандық ғалымның ғылыми жұмысының жоғары халықаралық деңгдейде мойындалуын байқатады.

Монография өз кезегінде экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш тарапынан жоғары бағаланып, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді модельдеу және басқару бойынша ең үздік жұмыс ретінде «Springer Nature» компаниясы тарапынан Германиядағы «Frankfurter Buchmesse» халықаралық кітап көрмесінде таныстырылған.

Қаржы және экономика ғылымдарының соңғы үрдістері халықаралық журналында (IJLTFES) Лиссабон университетінің танымал ғалымы, профессор Мануэль Альберто М. Феррейра бұл монография экономист, математик, практик және басшылар үшін аса маңызды әрі таптырмайтын ғылыми жұмыс екенін атап өткен.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Білім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT