Қазақстандық ғалымдардың жетістіктері шетелде мойындалуда - Асхат Аймағамбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында Қазақстан ғалымдарының ғылыми жетістіктерін шетелде мойындап жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні. Ғалымдарды кәсіби мерекемен құттықтап, күнделікті еңбектері мен зерттеу салаларын кеңейтіп жатқандары үшін алғысымды білдіргім келеді», - деген министр Қазақстан ғалымдарының зерттеулері, жаңалықтары мен жаңа ғылыми білімдері еліміздің дамуына ерекше үлес қосып жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда ғалымдарымыздың ғылыми жетістіктері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге шетелде де мойындалып жатыр. Президенттің ғылым саласына ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетуінің арқасында соңғы жылдары отандық ғылымды дамытудағы көптеген өзекті мәселе шешімін тауып, ғалымдарымызға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік туды.

Министрлік ғалым мамандығының беделді болуы, ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен іске асырылуына кепілдік беруі үшін жүйелі жұмысты жалғастырады», - дейді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар