Қазақстандық ғалымдар Top Springer Author халықаралық сыйлығының лауреаттары атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Springer Nature ірі халықаралық баспасы мен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ тағайындаған ғылым мен техника саласындағы Top Springer Author тәуелсіз сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған шараға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ғалымдары қатысты.

Биыл сыйлықтың лауреаттары атанғандар: Қазақстаннан - 18 ғалым, Қырғызстаннан - 2 ғалым: Айбек Миррахимов (медицина), Руслан Урусов (төмен температуралық плазманы математикалық модельдеу); Өзбекстан ғалымдары: Уткир Розиков (математика), Борис Оксенгендлер (химия және полимерлер физикасы); Тәжікстаннан - 2 ғалым: Лутфулло Солиев (жалпы және органикалық емес химия), Изатулло Ганиев (химия, металлургия).

Қазақстан ғалымдарының ішінен Top Springer Author номинациясында атап өтілгендер: Ратбай Мырзақұлов, математика, теориялық физика, биофизика, Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов - биоорганикалық химия және табиғи қоспалар химиясы, Болат Қоңырұлы Қасенов - органикалық емес химия, физикалық химия, химиялық термодинамика, материалтану, Марат Әбжанұлы Жүсіпов - теориялық ядролық физика, Ерлан Дәуітбекұлы Нұрсұлтанов  - математика, Елена Төлеубекқызы Ыбыраева - ядролық физика, Жақсынтай Қайырбеков - химия, Оңалсын Имамбеков - физика.

Қазақстан ғалымдарынан Top Springer Author «Жас ғалымдар» аталымында атап өтілгендер: Максим Здоровец - ядролық физика, нанотехнологиялар және жаңа материалдар, Нияз Тоқмағамбетов - математика, Болат Оралбеков - химия, Артем Козловский - магниттік наноқұрылымдар, радиациялық материалтану, Ерболат Сайлауханұлы - аналитикалық химия, қоршаған ортаның химиясы, Анастасия Машенцева - химия, Илона Матвеева - химия, Гүлнұр Исанова - жер туралы ғылымдар.

 «Биыл Еуразия университетінің жанынан ядролық физика институты жасаған ауыр иондарды жеделдеткіш жаңа құрылғының іске қосылғанына 10 жыл толды. Әлемде баламасы жоқ осы машинаның арқасында біз өзіміздің ғылыми еңбектерімізді жариялап жүрміз. Ғалымдар үшін маңызға ие ең басты көрсеткіштер - оның жарияланымдық белсенділігі, сандық көрсеткіштер. Ғалымдар үшін материалдары көбірек жарияланған сайын, оның еңбектерінің рейтингі өсіп, есімінің танымал болуы артады. Бұл - көп еңбекті талап ететін жұмыстың нәтижесі, және жас ғалымдарды ары қарай дамуға ынталандыратын үлкен мүмкіндік. 5 жылдың ішінде мен 29 мақала мен 70-ке жуық дәйексөз жарияладым. Біздің ғылыми жұмысымыздың табысы - командалық жұмыстың нәтижесі», - деп атап көрсетті Ядролық физика институтының Астана филиалының директоры Максим Здоровец.

null  

Қазақстан ғалымдарының ішінен Top Springer Author «Әлеуметтік ғылымдар» номинациясында атап өтілгендер: Алтай Мүсіров - экономика, Мира Нұрмаханова - экономика.

Баспа Top Springer Author сыйлығына қосымша Қазақстанның ең көп жарияланым жасаған үздік 10 ұйымын дипломдармен марапаттады: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Органикалық синтез және көмір химиясы институты, Физика-техникалық институт, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі, Назарбаев университет, Ә.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институты, Ұлттық ядролық орталық, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.

Springer Nature - 1842 жылы негізі қаланған әлемдегі ең ірі халықаралық ғылыми баспалардың бірі. 2015 жылдың мамыр айында оның позициялары күшейтілді және Palgrave Macmillan баспасына тиесілі Nature (Nature and Scientific American) баспа тобы және Springer Science+Business Media баспа компаниясы сияқты екі белгілі компанияны біріктіру арқылы Springer Nature компаниясы құрылды.

Springer Nature компаниясы және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, және қазақстандық университеттерінің стратегиялық әріптестігіне көп уақыт болды. Мысалы, 2006 - 2016 жылдар аралығында Қазақстан ғалымдары Springer-дің 403 журналында 2 133 мақала жариялады. Осылайша, жыл сайын Қазақстан ғалымдары баспаның рейтингі жоғары журналдарында 300-ден аса мақала жариялайды, бұл шет елде жарияланатын қазақстандық мақалалардың жалпы көлемінің шамамен 15% құрайды.

Шара шеңберінде баспаның вице-президенті Аздаа Котани қазақстандық ғалымдар үшін Springer Nature баспасының мүмкіндіктері мен перспективалары туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, қатысушыларға баспаның өнімдері мен журналдары таныстырылды. Springer Nature спикерлері елдік шолу мен Орталық Азия елдері ғалымдарының жарияланымдық белсенділігіне талдау жасап, баспаның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат берді. Шара соңында жас ғалымдарға, авторларға және ғылыми ұйымдардың өкілдеріне жеке кеңестер берілді.

null 

 

 

Соңғы жаңалықтар