Қазақстандық ғалымдар Scopus және Science direct базаларына рұқсат алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ғалымдары 1 қазаннан бастап, Scopus және Science direct базаларына кіруге рұқсат алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амринге сілтеме жасап.

«Әріптестер, өкінішке орай, 2015 жылы Қазақстан Scopus базасына ұлттық жазылымнан бас тартқан еді. Бұл жарияланымдардың күмәнді басылымдарға көптеп шығуына әкеп соқты. Слнымен бірге жаңа қазақстандық ғылыми журналдардың белсенді базаларда индекстеу процесі тоқтап қалды. Мұның барлығы ғылымдағы жалпы жағдайға кері ықпалын тигізді, бұл мәселені шешу қажет», - деп жазды ол Фейсбукте. 

«Біз беделді және ірі Elsevier басылымымен келіссөздер жүргіздік және 2018 жылы Scopus и Science direct базаларына ұлттық басылымды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Келіссөздер нәтижесі бойынша, Elsevier 1 қазаннан бастап, қазақстандық ғылыми ұйымдарға қолжетімділікті ашады. Әрине, біздің басты мақсаттырымыздың бірі қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми журналды индекстеу.  Сондай-ақ біз Scopus Award және Scopus Young Research Award үздік ғалымдар мен үздік жас зерттеушілерді марапаттау рәсімін өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Асланбек Амрин.

Оның айтуынша, Scopus базасын World Bank, Financial times, European Commission&ERC, OECD, QS және THE(Times Higher Education) рейтингтік агенттіктері және өзге де ірі халықаралық ұйымдар мен рейтингтер қолданады.

Соңғы жаңалықтар