Қазақстандық ғалымдар орташа қанша жалақы алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық ғалымдар орташа есеппен қанша жалақы алады?

Бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық ғылымдағы басты мәселелердің бірі, ғалымдар жалақысының тұрақсыздығы. Бүгінде ғалымдар жалақыны тек ғылыми конкурстарға қатысу арқылы ғана алады. Ал конкурстан былтырға дейін 3 жылда 1 рет қана өтіп отырды. Сондықтан да осыған дейін қазақстандық ғалымдар ғылыми интстуттың қызметкері бола тұра, ғылыми дәрежесі бола тұра, егер байқауда жеңбесе жалақыдан құр қалатын. Мұнын себебі қазіргі заңға сәйкес базалық қаржыландыру көлеміне тек әкімшілік және техникалық қызметкерлердін жалақылары және ғимаратты ұстау шығындары ғана кіреді. Осы жағдайды өзгерту үшін Президент базалық қаражат есебіне жетекші ғылымдардың жалақысын еңгізуді тапсырды», - деді Жанна Құрманғалиева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, комитет басшысы отандық ғалымдардың бүгінде қанша жалақы алатынын айтты.

«Биылғы Жолдауда отандық ғалымдардың ерекше назарын аударып, бізге жүктелген тапсырма ғалымдарға лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу. 2020 жылы ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңге құрады. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда заңға тиісті өзгерістер енгізу бойынша Қаржы министрілігімен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар