+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникалық сынақ фазасын 2 есе қысқартады

2020 жылғы 4 тамыз 21:34
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникалық сынақ фазасын 2 есе қысқартады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникалық сынақ фазасы санын 4-тен 2-ге дейін қысқартады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Институт мәліметінше, COVID-19-ға қарсы вакцинаның клиникаға дейінгі сынағын 2020 жылдың 20 тамызында аяқталып, нәтижесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне береді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен рұқсат алынғаннан кейін 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласындағы клиниканың базасында COVID-19-ға антиденесі жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ (І фаза) басталуы тиіс

«2020 жылдың қазан айының ортасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай келетін 200 еріктіге клиникалық сынақ өткізудің ІІ фазасына шығу жоспарланған. Клиникалық сынақтың ІІ фазасы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Көптеген елдің (Қытай, АҚШ, Ресей) тәжірибесін және халықты вакцинамен қамтамасыз ету қажеттігін қаперге ала отырып, клиникалық сынақ фазасының санын 4-тен 2-ге дейін қысқарту қарастырылып жатыр. Бұл ДДСҰ талаптарына қайшы болмайды», - деп атап өтеді институттан.

Бұған дейін COVlD-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны еріктілерге сынау қыркүйекте басталатындығын хабарлаған едік.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау - инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады.

Жалпы Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бес прототипі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. COVID-19 вакцинасын жасау бойынша жұмыстардың барысына қызығушылық танытқан азаматтар ДДСҰ веб-сайтында вакцинаға үміткерлер туралы жалпы шолуды оқи алады.

Вакцинаға үміткерлердің тізімі үнемі жаңартылып отырады. Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі. Коронавирусқа қарсы қазақстандық алғашқы вакцина сынақтан сәтті өткізілуде. Және оның сапасы туралы ғалымдар пікір білдірді. Сондай-ақ, мамандар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатыны туралы да айтты. Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатындардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT