+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады

2020 жылғы 19 маусым 12:04
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ғалымдары 1 жылда 2,7 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты аса қауіпті инфекциялар бойынша 7 отандық вакцина дайындау технологиясын жасап енгізді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы үшін құс тұмауына қарсы вакцинаны әлем елдерімен қатар, алғашқылардың бірі болып жасағанбыз. Сол жылдары институт Ауыл шаруашылығы министрлігіне 7 млн доза вакцина жеткізді. Осы вакцинаның арқасында құстар аурудан сақталған болатын. Денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы және жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы вакциналарды дайындады. Қазақстан вакциналары ДДСҰ зертханасында клиникалық сынақтан өткен әлемнің 6-шы және 7-ші мемлекеті болды», - деді ол.

Министрдің айтуынша, институт 2018 жылы ауыл шаруашылығы үшін нодулярлық дерматитке қарсы вакцина әзірледі және 2019 жылы 930 млн теңге сомасына Ауыл шаруашылығы министрлігіне нодулярлық дерматитке қарсы отандық вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етті.

«Есеп комитетінің ақпараты бойынша, республикалық бюджетте тек бір жылдың ішінде 2,7 млрд теңге үнемделді. Елімізде дайындалған вакциналар мен тест-жүйелерінің, біріншіден, сапасы жақсы, екіншіден – шет елдегі өніммен салыстырғанда бағасы бірнеше есе төмен. 2019 жылы бруцеллезбен күресу үшін жаңа векторлық вакцина әзірленді. Ол қауіпсіздік және иммунобиологиялық қасиеттері жағынан осы ауруға қарсы вакциналардан едәуір артық болып саналады», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT