Қазақстандық ғалым жусаннан косметикалық өнім ойлап тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалым жусан мен жантақтан бірнеше косметикалық өнім ойлап тапқан. Ерекше өнімдер елордада өткен отандық өндірушілердің 5-ші көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биотехнолог Сәуле Мұсаева тау мен дала шөптерінен, арпа мен сұлыдан емдік косметика жасауды қолға алған.
«Жусанның емдік қасиеті туралы көптеген зерттеулер бар. Соларға сүйене отырып, оны бірнеше косметикалық өнімнің құрамына қостық. Шашқа арналған емдік сусабын мен бетке арналған жақпа шырынды дала жусаны пайдалы ферменттермен байытатынын дәлелдеп шықтық. Ал жусанды жантақпен араластырып, ішек құрылысын тазартатын ұнтақ ойлап таптық» - дейді кәсіпкер Зәуре Мұсаева.
Көрме барысында табиғи өнімдерге желілік сауда компаниясы қызығушылық танытып, Қазақстан бойынша таратып сатуға ұсыныс білдіріпті.
«Қазақстандық өнімдердің пайдалы тұстары көп. Мысалы Жапонияға қоныс аударған кейбір жерлестеріміз біздің өнімдерді тапсырыспен алғызып тұрады. Астананың желінен бетін қорғағысы келген әйелдер де жиі келіп жүр. Алматыда да сауда нүктеміз бар. Біздің өнімдердің еуропалық баламалары 20-30 есеге қымбат. Ал әсері бірдей. Қазір өндіріс жартылай автоматты режимде жұмыс істеп тұр» - дейді Зәуре Мұсаева.
- Карантин: Елордада бір тәулікте 108 кәсіпкерлік нысан тексерілді
- Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
- Қаржы реттеушісі ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдарға 5,7 млн теңге айыппұл салды
- Ақмола облысында 1,8 мыңнан астам бизнес жоба қолдау тапты
-
Қазақстандық оқушылар өздерінің бизнес жобаларына инвестиция тарта алады
-
Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам