Қазақстандық футзалшылар Еуропа чемпионатының ТОП-5 кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА ресми сайты футзалдан Еуропа чемпионатының ТОП-5 үздік ойыншыларын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл рейтингке бірден қазақстандық екі спортшы Тайнан мен Дуглас кірген.

Сондай-ақ, үздік бестікті Георгий Замтарадзе (Ресей), Адриан Пола (Испания) және Рикардиньо (Португалия) түйіндейді.

Еске сала кетейік, Қазақстан футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін Ресеймен болған матчта жеңіліп қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар