Қазақстандық футболшылар сыйақы алатын болды

Фото: Фото: 24.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар24kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл хабарды құраманың бас бапкері Магомед Адиев жеткізген.

Оның айтуынша, қазақстандық футболшылар үшін жанкүйерлері мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.

«Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды»,-деді футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.


Соңғы жаңалықтар