Қазақстандық футболшы Еуропа чемпионаты турниріндегі үздік 10 ойыншы тізіміне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық футболшы Владислав Васильев Беларусь Жоғары лигасының 12-айналымындағы үздік он ойыншы қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жартылай қорғаушы беларусь Жоғары лигасының өткен турында үздік он ойыншы қатарына еніп, 300 ұпай көрсеткішпен рейтингіде сегізінші орында тұр.

Еске сала кетейік, «Гомельге» қарсы ойында Қазақстан құрамасының футболшысы екі нәтижелі пас беріп, 83-минутта жеңіс голын соқты. «Энергетик-БГУ» кездесу барысында 0:2 есебімен ұтылды. 2020-2021 маусымда Васильев төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берді.


Соңғы жаңалықтар