Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогында екінші алтын медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияда фристайл-могулдан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық Анастасия Городко екінші алтынын ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Спортшы параллельді могулда қарсыластарының бәрінен басып озып, жеңімпаз атанып отыр. Екінші орында Нидерланд өкілі Джанек Бергхуис. Үшінші орында германиядық Софи Вессе орналасқан.

Айта кетелігі, жарыстың бірінші күні Городко дәл осы бәсекеде топ жарған болатын. Бұл оның турнирдегі екінші алтын жүлдесі.



Соңғы жаңалықтар