Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогында «алтын» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда өтіп жатқан фристайл-могулдан Еуропа кубогында қазақстандық алтын медаль иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Францияның Фон-Роме қаласында өтіп жатқан әлемдік бәсекеде қазақстандық Анастасия Городко «алтын» алды. Екінші орынды Швециядан келген Май Бьеркман алса, ал үздік үштікті француз спортшысы Камил Каброл түйіндеді.





Соңғы жаңалықтар