Қазақстандық фристайлшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін әлем кубогының кезеңінде ерлер арасындағы сайысқа түскен отандасымыз Дмитрий Рейхерд үшінші орынға ие болды. Ол канадалық Майкл Кингсберри мен жапониялық Икума Хорисимаға жол беріп қойды. Павел Колмаков болса жарысты 26-шы орында аяқтады.

Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева жетінші орын алып, суперфиналға шыға алмады. Жеңіс франциялық Перин Ляфонтқа бұйырды.

Фристайл, могул

Әлем кубогының кезең, Тадзавако, Жапония

Ерлер

1. Икума Хорисима (Жапония) - 91.03

2. Майкл Кингсберри (Канада) - 89.27

3. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 87.26

... 26. Павел Колмаков (Қазақстан) - 73.26

Әйелдер

1. Перин Ляфонт (Франция) - 83.03

2. Жюстин Дюфур-Ляпоинт (Канада) - 81.33

3. Китон МакКарго (АҚШ) - 81.06

... 7. Юлия Галышева (Қазақстан) - 78.18

Соңғы жаңалықтар