+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстандық фильм Үндістандағы кинофестивальде үздік атанды

2019 жылғы 24 шілде 14:29
Бөлісіңіз:
Қазақстандық фильм Үндістандағы кинофестивальде үздік атанды

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Үндістан кинофестивалінде қазақстандық «Түс дәмі» фильмі үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет тарапынан 18 фильм қаржыландырылады «Қазақфильмнің» екі туындысы Башқұртстаннан жүлделі оралды Айсұлтан Сейітов түсірген клип MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды

21 шілде күні Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Kolkata Shorts International Film Festival» VIII халықаралық кино фестивалінде қазақстандық режиссер Камилла Абдельдинованың «Дәм түсі» қысқаметражды деректі фильмі «Үздік деректі фильм» атанды. Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.


«Дәм түсі» фильмі «Қазақстанның түркі халықтары» циклына кіреді. Бұл картина Қазақстанда тұратын көпұлтты түркі этностарына арналған. Абдельдинованың туындысы ұйғыр этно-авангард суретшісінің тарихы арқылы Қазақстанда тұратын ұйғырлар туралы баяндайды.


«Кинематографист Дәурен Әмірғазинов екеуміз барған Калькуттаға сапарымыз өз нәтижесін берді. Бұл - біздің фильмнің ең бірінші марапаты. «Үздік деректі фильм» атандық. Біз үшін бақыт - марапат пен конкурс емес, ең бастысы, бізді қолдаған қазақстандықтар мен жақынындай қарсы алған үндістерге ризамыз.Біз үшін басты марапат – халықтың мейірімі мен бауырмалдығы,- деді режиссер Камилла Абдельдинова.

Сонымен қатар, бұл додаға «Қазақфильм» киностудиясының «Хангүл ізімен...» атты деректі фильмі де қатысты Режиссері - Виталий Чернов. Картина шөл және шөлейт аймақтарды мекендейтін хангүл, яғни бұхар (тоғай) бұғысы, оларды Қазақстанда қайта көбейту жайлы баяндайды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT