Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қазақстандық фильм Мәскеу кинофестивестивалінде топ жарды

2019 жылғы 26 сәуір 12:26 815
Бөлісіңіз:
Қазақстандық фильм Мәскеу кинофестивестивалінде топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Режиссёр Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі 41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивестивалінде Гран-при жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Түркістан» анимациялық фильмінің тұсауы кесілді Арыстанбек Мұхамедиұлы: Мәскеу фестиваліндегі жеңіс - біздің өнер саласы үшін жарқын оқиға

«Бұл - еліміздің беделі жоғары МХКФ конкурсының тарихында алған тұңғыш марапаты! Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен «Қазақфильм» студиясында түсірілген. Фильм сценариі Данияр Сүгіралиновтың «Кирпичи 2.0» шығармасының негізінде жазылған. «Үздік фильм» номинациясындағы «Алтын Әулие Георгийді» Шәріповке қазылар алқасының төрағасы, атақты режиссёр Ким Ки Дук тапсырды», - деп жазды министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өз жазбасында Фархат Шәріповты құттықтады.

Әлеуметтік драма қырық жасқа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіп жүрген банк қызметкері Қанаттың өмірбаянын баяндайды. Оның еш арманы да, өмірден күтері де жоқ. Алайда бір күні Қанат тұлғалық қалыптасу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне тап болады.

«Фильмнің жарыққа шығуына ықпал еткен барша адамға алғыс айтамын. Алдымен отбасыма мың алғыс. Сол себепті бұл жеңісімді әкеме арнаймын. Ал фестиваль ұйымдастырушылары мен көрермендеріне көп рахмет», - деді МХКФ лауреаты Фархат Шәріпов ағынан жарылып.

Еске сала кетсек, аталмыш фильмнің тұсаукесері осы жылдың қаңтар айында өткен еді. Отандық прокатқа шығып қойған кинотуынды Алматыда түсірілген. Басты рөлде Дулыға Ақмолда мен Ержан Түсіпов ойнайды, сондай-ақ фильмге Гүлжамал Қазақбаева, Әсел Қалиева, Филипп Волошин және басқа да актерлер түскен.  

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT