Қазақстандық фильм «Айна» халықаралық байқауына қатысып жатыр

Фото: None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Андрей Тарковский атындағы «Айна» халықаралық кинофестивалінің басты байқауына сегіз фильм қатысады. оның ішінде Қазақстан, Сербия, Грекия, Колумбия, Ресей және басқа да елдердің фильмдері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Фестиваль Ресейдің Иваново облысында 22-27 шілде аралығында өтеді. Тарковскийдің туған жері Юрьевецте режиссердің туғанына 90 жыл толуына арналған концертпен ашылады.

Негізгі байқауға 8 фильм ұсынылып отыр, бұл картиналарды түсіруге 10 мемлекет мамандары тартылған. «Айна» халықаралық байқауына дәстүрлі түрде әлемнің түкпір-түкпірінен келген авторлық фильмдер қатысады.

Байқауға қазақстандық Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» фильмі жолдама алып отыр. Айта кетейік, режиссер Асқар Ұзабаев, продюсер Баян Алагөзова түсірген «Бақыт» фильмі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне арналған. Биыл бұл картина Берлин кинофестивалінде жүлдеге ие болған болатын.

Сондай-ақ бағдарламаға Ресейден Тина Мастафаеваның «Тембот» фильмі мен Мария Игнатенконың «Призрачно-белый» картинасы, сербиялық Милош Пушичтің «Жұмысшы табының қаһармандары», грекиялық Кристос Пасалис пен Силас Цумекастың «Қала мен қала» фильмдері мен басқа да жобалар еніп отыр.

Қазылар алқасын Тарковскийдің курстасы, режиссер Али Хамраев басқарады.


Фото: instagram.com/askar567cl


Соңғы жаңалықтар