Қазақстандық фильм Анападағы кинофестивальде жүлдеге ие болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Владимир Толоконниковке «Киношок» ресейлік кинофестивалі номинацияларының бірінің сыйлығы табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестивальдың ресми сайтында атап өтілгендей, «Толықметражды фильм» аталымында үздік ер адам рөліне «Дед» фильміндегі еңбегі үшін Владимир Толоконников лайық деп танылды. Фильмді 90-жылдардағы «Тоғысқан тағдырлар» сериалы арқылы танылған режиссер Алексей Шемес түсірген. А. Шемес фестивальдің «Үздік режиссура» аталымында жеңіске жетті.

Қысқаметражды фильмдер конкурсының «Қазіргі жасөспірімдердің өзекті проблемаларын экранда көрсету» бағытындағы арнайы сыйлығы қазақстандық режиссер Әлімжан Құдабевқа «Мараттың видеосы» атты фильмі үшін берілді.

«Киношок» - ТМД және Балтық бойы елдерінің ашық фестивалі. Ол 1992 жылдан бері Ресейдің Анапа қаласында өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар