Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта 5 елде көрсетіледі

2017 жылғы 30 қараша 09:05 329
Бөлісіңіз:
Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта  5 елде көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Она» фильмі ТМД-ның бес елінде прокатқа шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қазақфильм» америкалық компаниямен бірлесіп сериал түсіреді «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ-та прокатқа шығып, Netflix көрсете бастайды

«Она» психологиялық триллері бірнеше елде бір уақытта прокатқа шығарылған алғашқы толықтай қазақстандық өнім атанды. Ол ТМД-ның бес елінде - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанда көрсетіледі.


Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта  5 елде көрсетіледі

Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта  5 елде көрсетіледі

Фильмде басты рөлді танымал театр және кино актрисасы Айсұлу Әзімбаева мен 9 жасар Анастасия Вострова сомдаған.


Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта  5 елде көрсетіледі

Сюжет бойынша, бүлдіршін қыз анасымен бірге үлкен қалада өмір сүреді. Бұл қалада олардан басқа ешкім болмайды. Алайда, бір күні қызға өзін біреу аңдып жүргендей және оны анасынан айырғысы келетіндей сезіледі.  Екі кейіпкер де ақырын естерінен ауыса бастайда, бірақ олар тірі жан баласы жоқ қалада тағы бір адамның барын байқайды.


Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта  5 елде көрсетіледі

Айта кетейік, «Она» психологиялық триллері бүгіннен бастап ТМД-ның 5 еліндегі 400 кинотеатрда, соның ішінде Қазақстанның 70 кинотеатры мен Ресейдің 350 кинотеатрында прокатқа шығады. Фильмнің әлемдік премьерасы Пусандағы кинофестивальде өтті. 


Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта  5 елде көрсетіледі

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT