+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қазақстандық фермерлер дизель отынын 15% арзанға сатып алатын болды

2020 жылғы 1 сәуір 20:11
Бөлісіңіз:
Қазақстандық фермерлер дизель отынын 15% арзанға сатып алатын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық фермерлер дизель отынын ағымдағы бөлшек сауда бағасынан 15% арзанырақ сатып алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы операторларына жеткізу, сақтау және үстеме баға есебімен дизель отынының бағасы - 165 теңге.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Егін жұмыстарына дизель отынын жеткізуге арналған МӨЗ-ге аудандарды бөлу кестесін» бекіткен еді. Оның шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажеттілік 390 мың тонна деп бекітілді.

Бұрын ұсынылған баға зауытта бір тоннасы - 194 мың теңге (литрі - 161 теңге) еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының бір тоннасы - зауытта 174 мың теңге немесе литрі - 144 теңге деңгейінде белгіленеді.

Жеткізуді, сақтауды және операторлардың шекараларын ескере отырып, бір литр - 165 теңге. Бұл қазіргі бағадан 15% арзан (жанармай стансасында дизель отыны литрінің орташа бағасы - 193 теңге).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT