Қазақстандық фермерлер алқаптарын үйден шықпай-ақ басқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - XII Астана экономикалық форумы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесіп, «Ауыл шаруашылығын цифрландыру: нақты егіншіліктен «ақылды фермаға дейін» сессиясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сессия барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров миинистрлік ауыл шаруашылығын цифрландыруға баса назар аударып отырғандығын айтты. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару процестерін барынша автоматтандыру, мемлекеттік қызметтерді реттеу және көрсету болып саналады. Бұл ретте фермерлерді өндірістен бастап өз өнімдерін өткізуге дейінгі процестерін автоматтандыруды енгізуге бағыттау қажет.

Мәселен, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы субсидияларын алу толық автоматтандырылған жүйе арқылы жұмыс істейді. Ол үшін егіс алқаптарын толық цифрлау жүргізілген. Енді фермерлердің өз алқаптарын үйден шықпай-ақ басқару мүмкіндігі пайда болды.

Сонымен қатар, жүйелі негізде АӨК субъектілерінің сандық сауаттылығын арттыру, фермерлерді электрондық мемлекеттік қызметтерді алу, өрістердің электрондық картасын жасау, салалық ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу, заманауи технологиялар мен жаңа жабдықтарды қолдану дағдыларына үйрету қажет.

Шараға Swiss Re, Syngenta, Cropio, Organic Services сияқты бүкіл әлемдегі ауыл шаруашылығы үшін инновациялық шешімдерді белсенді түрде ілгерілететін шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар