Қазақстандық файтер Қанаев Азия чемпионы титулына таласады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ғалымжан Қанаев К1 бойынша Азия чемпионы титулы үшін айқасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

28 шілдеде Қапшағайда аралас жекпе-жектен кезекті «ALASH PRIDE» турнирі өтеді. Оның басты айқасында қазақстандық файтер Ғалымжан Қанаев тәжік спортшысы Олим Хайтбекпен күш сынасады. Олар аралас жекпе-жектің К1 түрінен 81 кг салмақ санатында «ALASH PRIDE» тұжырымы бойынша Азия чемпионы белдігін сарапқа салады.

Олим Хайтбек өзіне тән рекорд иесі: ол бұған дейін алты қарсыласын тізе бүктіріп, бір-ақ рет жеңілген.

Ғалымжан Қанаев К1 аясында 6 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеткен, бір қарсыласына есе жіберген. Ол соңғы рет сәуір айында Шымкентте өткен «ALASH PRIDE» турниріне қатысып, өзбекстандық Хуснидин «Муслим» Нишоновты нокаутпен жеңген.

Соңғы жаңалықтар