Қазақстандық ескекшілер Әлем Кубогы кезеңінде қола медаль иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ескекшілер, ағайынды Тимофей мен Сергей Емельяновтар Сербия астанасында өткен байдарка мен каноэде есу бойынша Әлем Кубогының үшінші кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

"Қазақстан құрамасының үздік нәтижесін оңтүстікқазақстандық ескекшілер - су спорты түрлері бойынша спорттық мектептің тәрбиеленушілері, ағайынды Тимофей мен Сергей Емельяновтар көрсетті. Олар 500 метрлік қашықтықтағы каноэ-екілік сайысына қатысып, қола медальдар жеңіп алды», - деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық байдарка мен каноэде есу федерациясының президенті Денис Жарменов.

Оның айтуынша, сайысқа әлемнің 57 елінен келген спортшылар қатысқан.

Бірінші орынды Польша спортшылары Томаш Барняк пен Виктор Глазунов иеленді. Күміс жүлдені молдовалық Илие Спринчан мен Олег Нута жеңіп алды. 

Соңғы жаңалықтар