Қазақстандық еркін күрес шебері Азия чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағанындай, жарысты бірінші болып еркін күрес шеберлері бастады.

Біріншілік, әсіресе, 70 кг салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов үшін табысты болды. Соңғы бәсекеде жапониялық Коджира Шиганы 9:0 есебімен бет қаратпай ұтып, өз спорттық жолында тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ 65 кг салмақта кілемге шыққан Саятбек Оқасов финалда үндістандық Баджранг Баджранштан 7:12 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлдеге ие болды.

Тағы бір қазақ балуаны Ғалымжан Өсербаев 79 кг салмақта қола жүлде үшін белдесуде жапониялық Юта Абэні 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Оған қоса 97 кг салмақта бақ сынаған Ерғали Әлішер қырғызстандық Магомед Мусаевтың меселін қайырып, қола жүлдегер атанды.

Ертең Азия чемпионатында 61, 74, 86, 92 және 125 кг салмақтағы балуандар жүлделерді сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын екі қазақ балуанының еркін күрестен Азия чемпионатының финалына өткенін жазған болатынбыз.

null

Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар