Қазақстандық еркін күрес шебері әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еркін күрестен Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық Данияр Қайсанов әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлағандай, 74 келіде сынға түсетін Д.Қайсанов жақында Италияда өткен рейтингілік турнирде қола жүлдегер атанған болатын. Бұл Даниярға қосымша 12 ұпай сыйлады.

Нәтижесінде қазақстандық спортшы өз салмағында рейтингтің үшінші сатысына тұрақтады. Данияр Қайсановтың еншісінде 12 ұпай бар.

Айта кетейік, бұл салмақта ресейлік Заурбек Сидаков 60 ұпаймен көш бастап тұрса, екінші орынға 42 ұпайы бар италиялық балуан Франк Чемизо тұрақтаған.


Соңғы жаңалықтар