Қазақстандық елші Эмманюэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы қоса атқарушы Елшісі Константин Жигалов Андорра Князьдігінің тең Князі - Франция Президенті Эмманюэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстан Елшісі Э. Макронды Қазақстанда алдағы президенттік сайлау туралы хабардар етіп, оған Қазақстан басшылығынан сәлемдеме сөздерін жолдады.

Өз кезегінде, Франция Президенті біздің елдеріміз арасындағы қарқынды дамып келе жатқан қарым-қатынасты және 2018 жылғы қазанда Брюссельде өткен АСЕМ Саммитінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жемісті кездесуін атап өтті. Э. Макрон Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа деген өзінің шексіз құрметін баса айтып, денсаулық пен амандық тілей отырып, оған өзінің жылы лебіздерін жеткізді.

Сондай-ақ, Франция көшбасшысы Қазақстанға жаңа кезеңде сәттілік тілеп, жоғары деңгейде тиімді диалогты жалғастыруға ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар