Қазақстандық электровоздар +50 және -50 градусқа дейін төзімді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыз айының алғашқы жексенбісі - Көлік қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы темір жол өнімдерін өндіретін бірқатар қазақстандық кәсіпорындарға сәйкестік сертификаттары табыс етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null null
Олардың қатарында ірі локомотив, жүк вагондары, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығаратын «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС және «R.W.S. Concrete» ЖШС бар.

 «Қазақстан ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестердің белсенді қатысушысы болып табылады және Кедендік одақ техникалық регламент талаптары - компаниямыздың басым міндеттерінің бірі. 2011 жылдан бері ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді: 40-тан астам конференциялар, жиындар өтті. Сынақтан өткізу орталығы бүгінде түрлі сынақ жүргізуге қажетті барлық тестілеу құралдарымен жабдықталған», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев. 
null null 

Бас инженердің айтуынша, қазақстандық зауыттарда шығарылатын KZ8A сериялы магистральдік электртасығыштар, ТЭП 33А және Т33АС сериялы тепловоздар, 12-9846 үлгісіндегі жүк көліктері барлық қозғалыс, динамикалық және тежеуіш сынақтарынан өтіп, пайдалану талаптарының бірі болып табылатын +50-ден -50 градусқа дейінгі ауа райы жағдайына төзімді екенін дәлелдеді.

Бұл сынақтар «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолдар желісінің қисық жолды, түрлі бұрмалары бар және еңіс-ойпатты арнайы аумақтарында жүргізілген. Мұның барлығы жылжымалы құрамның сипаттамаларын әділ бағалауға мүмкіндік берген.
null null 

Салтанатты шара барысында Батыр Котырев барлық темір жол саласының қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады және темір жол көлігі өнімдерін Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне дайындауға сүбелі үлес қосқан бірқатар мамандарды «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Үздік маман» атағымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

«Тағы да келе жатқан мерекемен және тиісті сертификатқа қол жеткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл сертификаттар Қазақстан аумағында ғана емес, Еуразия экономикалық одағының 5 мүше-мемлекеттері аумағында өз өнімдеріңізді ұсынуға мүмкіндік береді. Еңбекте табыс, зор денсаулық және отбасылық бақыт тілеймін!», - деп өз сөзін түйіндеді Б. Котырев. 
null null 

Соңғы жаңалықтар