Қазақстандық экспорттаушылардың 2,2 млрд теңге шығыны өтеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық экспорттаушылардың 2,2 млрд теңге шығын өтеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылғы 15 желтоқсан күні таңертең «QazIndustry» АҚ-на өңделген тауарларды экспорттаушы субъектілердің шығынын өтеуге қатысты 317 компаниядан 484 өтінім келіп түскен.

Оның ішінде 369 өтінім тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша (тауарларды темір, әуе, автомобиль, теңіз көліктерімен жеткізуге байланысты және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша шығындар), 139 өтінім тауарларды ілгерілету бойынша түсіп отыр.

Айта кетерлігі, отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, оларға шетелде тауарларды жарнамалауға және ілгерілетуге байланысты шығындар; қойманы ұстауға арналған шығындар; шетелдік нарықтарда тауарларды тіркеуге және техрегламенттерге сәйкестікке арналған рәсімдерден өтуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар және тағы сол сияқты шығын түрлері жатады.

«Қағидаларға өзгерістер енгізілгеннен кейін (2019ж. 29 қазан) «QazIndustry» АҚ-ға 336 өтінімдер келіп түсті. 81 компаниядан жалпы соммасы 2,2 млрд тенгені құрайтын өтінім мақұлданды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар