Қазақстандық экспорт қаңтар-сәуір айларында 13,2% қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда шетелге экспортталатын тауарлардың бағасы 2019 жылдың сәуір айында өткен аймен салыстырғанда 0,9%-ға, импортталатын тауарлар - 0,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Осы жылдың сәуір айында 2018 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда Қазақстаннан шетелге экспортталатын тауарларының бағасы 2,5%-ға, импорттық тауарлар - 3,1%-ға өсті. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстан экспорты 13,2%-ға, импорт 8,9%-ға өсті.

Жыл басынан бері экспорттық жеткізілімдер бойынша бағаның өсуі көмірде - 21,9%, түсті және қара металдарға - 10,8%, мырышқа - 10,3%, қорғасын - 8,3%-ға, портландцемент - 6, 4%, мыс - 6,1%-ға, мұнай - 6%-ға, ферроқорытпалар - 10,8%-ға, қара металдар - 1,9%-ға жоғарылады.

Бағалардың өсуі бидайда - 13,6%-ға, мақта - 4,4%, күріш - 8,9%, арпа - 2,2%, жүн - 0,5% байқалды.

Соңғы жаңалықтар