+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстандық екі жеңіл атлет Олимпиада жолдамаларын жеңіп алды

2021 жылғы 13 маусым 13:14
Бөлісіңіз:
Қазақстандық екі жеңіл атлет Олимпиада жолдамаларын жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жеңіл атлеттер Иван Иванов пен Ирина Эктова Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Токио-2020: Медальдар кестесінде Қазақстан 19-орында тұр Қазақстандық телеарналар Елдос Сметовтің белдесулерін неге көрсеткен жоқ Олимпиада: Үстел теннисінен қазақстандық спортшы іріктеуден өте алмады

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Карпов өзінің Instagram парақшасында қазақстандық жеңіл атлеттер Иван Иванов пен Ирина Эктова Бішкектегі (Қырғызстан) турнирде Олимпиада жолдамаларын еншілегенін жазды.

Сонымен, 21,11 метр нәтиже көрсеткен Иванов ядро лақтырудан Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Ал Эктова үш қарғып секіруден Олимпиада жолдамасына ие болды. Оның нәтижесі – 14, 34 метр.

Еске сала кетейік, жеңіл атлетикадан бұған дейін Ольга Рыпакова, Георгий Шейко, Айман Ратова, Мария Овчинникова, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая және Жанна Мамажанова Қазақстан атынан Олимпиада лицензияларын олжалаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT