Қазақстандық екі жас теннисші әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты.

Аружанды өкшелеп келе жатқан Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-ге көтерілді.

Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49 сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193-інші, Айя Нұпбай 211-сатыда (+47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар