Қазақстандық екі турист Филиппиннен елге қайта алмай отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық екі турист Филиппиннен елге қайта алмай отыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаккартадағы Елшіліктің мәліметіне сәйкес, Филиппинде жанартаудың атқылауы салдарынан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда тек екі азаматымыз ғана байланысқа шығып, Манила қаласынан ұшып кете алмайтындықтарын жеткізді. Олар өздерінің авиабилеттерін ауыстырып, 15 қаңтарда басқа қалаға ұшып шығуын жоспарлап отыр», - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Манила әуежайы жабық. Бірде-бір ұшақ ұшпайды.


Соңғы жаңалықтар