Қазақстандық екі спортшы Болгариядағы әлем чемпионатының финалында бақ сынайды

None
None
СОФИЯ. ҚазАқпарат – Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері осы кезде Болгария астанасы Софияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Дінмұхаммед Қошқар 67 кг-ға дейінгі салмақта әзербайжандық балуан Канан Абдуллазадемен кездеседі.

97 кг-ға дейінгі салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақстандық спортшы Юсуф Мациев те жартылай финалға шықты. Ол қырғызстандық балуан Нұрманбет Раймалыұлымен белдеседі.

Софиядағы жарыста қазақстандық спортшылар осыған дейін әйелдер күресінен екі «қола» алған болатын.


Соңғы жаңалықтар