Қазақстандық екі спортшы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - World Boxing News 2023 жылдың сәуір айындағы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімді WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Александр Усык бастап тұр.

Рейтингке қазақстандық екі орта салмақтағы әлем чемпионы – IBO титулының иегері Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы енді. Головкин 27-ші, Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.

WBN бойынша ең жақсы 10 P4P рейтингі келесідей:

1. Александр Усик (Украина)

2. Наоя Иноуэ (Жапония)

3. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)

4. Кіші Эррол Спенс (АҚШ)

5. Дмитрий Бивол (Ресей)

6. Девин Хэни (АҚШ)

7. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

8. Джермелл Чарло (АҚШ)

9. Хуан Эстрада (Мексика)

10. Шакур Стивенсон (АҚШ)


Соңғы жаңалықтар