Қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионатының финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионатының финалына Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар - 70 келіде Жасмин Кизатова және 81 келіде Гүлсая Ержан.

Жасминнің қарсыласы — өзбекстандық Азиза Зорикова болса, Гүлсаяныкі - таиландық Порнипа Чути.

Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен 13:00-де басталады.

Еске сала кетейік, құрлықтық доданың финалына еліміздің ерлер құрамасынан алты боксшы шықты.

Олардың қатарында Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі) бар.

Финалда қазақстандық төрт боксшы өзбекстандық былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіреді.

Фото: prosports.kz


Соңғы жаңалықтар