Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орны қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық дзюдо федерациясы Парижде өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, аталған жарыста екінші орын алған Жансай Смағұлов 700 ұпай қосып, жеті сатыға жоғарылады. Осылайша, 24-орынға жайғасты.

Ал қола жүлдегер Елдос Сметов 500 ұпай еншілеп, рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды.

Назарларыңызға қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50):

60 кг Елдос Сметов - 2 орын (5868 ұпай), Ғұсман Қырғызбаев - 7 (4345)

66 кг Ерлан Серікжанов - 10 (3805), Елдос Жұмақанов - 18 (2775)

73 кг Жансай Смағұлов - 24 (2553)

81 кг Дидар Хамза - 25 (2186), Руслан Мұсаев - 45 (1109)

90 кг Ислам Бозбаев - 19 (2673)

100 кг Айбек Серікбаев - 48 (1050)

+100 кг Ерасыл Қажыбаев - 37 (1423).

Естеріңізге сала кетейік, 8-9 ақпан күндері өткен Париждегі (Франция) дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан сапынан 16 дзюдошы қатысып, жарысты екі медальмен аяқтағанын жазған болатынбыз. Онда, жеңіс тұғырына көтерілген татами шеберлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтар болсақ, жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан берілді.


Соңғы жаңалықтар