Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық дзюдо федерациясы Бакуде дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты аяқталған соң әлемдік рейтингті тағы бір жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап. 

Қазақ спортшыларының арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен 66 келідегі Ерлан Серікжанов 36-шы орыннан 16-шы сатыға көтерілді. 

Осы салмақтағы Елдос Жұмақанов 7-ден 9-шы орынға сырғыды.

60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев алтыншы, Елдос Сметов 15-ші орында. 

73 келідегі Жансай Смағұлов 9-шы, 81 келідегі Дидар Хамза 33-ші, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг 5-ші сатыда. 

Еске сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан дзюдошылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. 

Соңғы жаңалықтар