Қазақстандық дзюдошылар Германияда 5 медальға ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Бремен қаласында дзюдодан жастар арасында дәстүрлі «Мастер Бремен» турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап. 

Турнирге 22 елден 930 жас татами шеберлері қатысты. Қазақстандық дзюдошылар аталмыш жарыста 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей:

55 кг
Алтын - Дамир Болатбеков (Алматы облысы)
Күміс - Болат Біләл (Жамбыл облысы)
60 кг
Қола - Алмаз Ғалымов (Алматы қаласы)
66 кг
Қола - Бақытжан Абдурахманов (ОҚО)
Қола - Ильяс Нүсіпбаев (Алматы облысы).

null 

Соңғы жаңалықтар