Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында бір алтын, 3 күміс алды

Фото: None
ПОЗНАНЬ. ҚазАқпарат – Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында қазақстандықтар табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, қазақстандық спортшылар жарыс қорытындысында 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медальді жеңіп алды.

Атап айтқанда, Мерей Марханбетов 60 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тақты. Тағы бір қазақстандық Нұрқанат Серікбаев осы салмақта екінші орынға көтерілді.

Батыс Қазақстан облысының өкілі Нұрсұлтан Зайзағалиев 66 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ілікті.

Жұрқамырза Шүкірбеков 100 келіге дейінгі салмақта тағы бір күмісті олжалады. Ал Нұрсұлтан Жұбатқан 60 келіге дейінгі салмақта қола медальға ие болды.

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушылары: Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев.


Соңғы жаңалықтар