Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан 8 медаль жеңіп алды

None
None
АНТАЛИЯ. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогын қазақстандық татами шеберлері 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Еуропа кубогы жерлестеріміз 8 медаль (1 алтын, 4 күміс және 3 қола) жүлдемен аяқтады.

Анталия татамиіне әлемнің 16 елінен 515 дзюдошы жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды.

Назарларыңызға қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынамыз:

Мерей Марханбетов (60 кг) – алтын медаль

Олжас Еренғайбов (60 кг) – күміс медаль

Нұрайлым Сәрсенбек (40 кг) – күміс медаль

Аружан Ережепова (52 кг) – күміс медаль

Шапағат Дәулет (57 кг) – күміс медаль

Олжас Құмар (55 кг) – қола медаль

Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) – қола медаль

Әділ Абдуахатов (73 кг) – қола медаль

Айта кетерлігі, аталған жарыс жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы болды. Жарысқа 2003-2005 жылғы туған дзюдошылар қатысты.


Соңғы жаңалықтар