Қазақстандық дзюдошылар Азия Кубогында бақ сынау үшін Қырғызстанға аттанады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-22 маусым күндері Қырғызстанда жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан кезекті Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқөпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Азия кубогы жасөспірімдер Олимпиадасына ұпай берілетін маңызды жарыстардың бірі. Сондықтан аталған додада еліміздің ең үздік балуандары бақ сынайды.

Азия кубогына Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан 37 дзюдошы қатысады. Оның 23-і ер балалар болса, 14-і қыздар.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан аралығына Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар