Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогын төрт алтын медальмен қорытындылады

2019 жылғы 20 шілде 01:12
Бөлісіңіз:
Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогын төрт алтын медальмен қорытындылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан командасы бесінші орын алды Burabike Fest фестиваліне қатысушылар саны рекордтық деңгейге жетті Қазақстан кубогы үздік ойыншыларының есімдері белгілі болды

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысында 4 алтын, 2 күміс, 10 қола медальді жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте 7 алтын, 8 күміс және 10 қола жүлдемен Ресей құрамасы көш бастаса, қазақстандықтар екінші орында. Оңтүстік Корея 2 алтын, 3 қоламен үшінші орынға ілікті.

Турнирге Әзербайжан, Гонконг, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Испания, Тәжікстан және Өзбекстан, барлығы 11 елден 175 татами шебері қатысып, бақ сынады.

Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасынан Виктор Демьяненко (100 кг) чемпион атанды. Сондай-ақ Зарина Райфова (78 кг) мен Айбол Нысанали (81 кг) күміс жүлдені еншіледі. Ал Зере Бектасқызы (70 кг), Назгүл Маратова (+78), Сұңғат Закарияев (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг) үшінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күні үш алтын алғанын жазған болатын.

Турнир жеңімпаздарына 100, күміс жүлдегерге 60, қола медаль иегеріне 40 ұпай беріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT